«Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығы (2016.30.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығы

(2016.30.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.30.12. № 705 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакция (бұр.ред.қара)

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2016.30.12. № 705 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақының мөлшерлері;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.